Алматыдағы автосалондар тұтынушыларын қосымша жабдықтар сатып алуға мәжбүрлеген

Алматыдағы автосалондар тұтынушыларын қосымша жабдықтар сатып алуға мәжбүрлеген
Сурет: Ашық дереккөз

Қосымша жабдықтың құны және оны орнату жаңа көліктің құнына қосылады

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мониторинг жүргізу кезінде автокөлік дилерлері көлікті сату кезінде тұтынушыға қосымша қызметтер мен аксессуарлар ұсынып, оны сатып алуға мәжбүрлейтінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Автокөлік сататын орталықтарда қосымша жабдық алуға мәжбүрлеуі заңсыз саналады.

«Автосалондардың мұндай әрекеттері заң нормаларына қайшы келеді. Ақпараттық іс-шаралар барысында Заңның 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуі тиіс екендігі түсіндірілді. Заңның 28-бабына сәйкес, сатушы өзінің жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға қолайлы уақытта тиісті сапалы тауарды еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды қажетсіз мөлшерде және ассортимент сатып алуға мәжбүрлеуге және белгілі бір тауарларды сатып алуды, басқа тауарларды міндетті түрде сатып алуға негіздеуге тыйым салынады»,- деп хабарлады департаментен.

Тұтынушыларға жаңа автомобильдерді сату кезінде, қосымша опцияларды орнату тек сатып алушының келісімімен жүзеге асырылады.

Мысалы, клиенттер сатып алмаған жаңа көліктерді сату кезінде, қосымша опциялар орнатылған көлікке, қосымша жабдықтың құны және оны орнату жаңа көліктің құнына қосылады.

«Мұндай жағдайларда сатып алушы осы жабдықты бөлшектеумен шығыстарға келіскен жағдайда қосымша жабдықты бөлшектеуді талап етуге құқылы. Бірақ сатып алушы көлікті қосымша жабдықсыз сатып алуға құқылы екенін есте ұстаған жөн»,- деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті егер автокөлік сатып алатындар осындай жағдайға тап болса, тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру үшін автокөлік орталығының атауын көрсете отырып, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіне алатындарын айтқан болатын.