Алматыда үздік полицейлер марапатталды

Алматыда үздік полицейлер марапатталды
almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров: Алматылық полицейлер - табандылықтың, ерліктің, батырлықтың үлгісі


Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов, ардагерлер және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты. Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, мегаполисте алты мыңнан астам полицей қызмет етеді. Президент Жарлығымен 36 алматылық полицейге полиция генерал-майоры шені берілді.


«Алматы полициясы құқық қорғау органдарының ерлігіне үлгі бола алады. Сондықтан алматылықтар өздерін толықтай қауіпсіз сезінеді.  Пандемияның ең қиын жағдайында да, бүкіл әлемде қылмыс артқан шақта алматылық полицейлердің тәртіпті қамтамасыз еткендері соншалық, тіпті, қылмыс екі есеге азайды.  Мұндай көрсеткіштермен әлемнің кез келген қаласы мен құқық қорғау жүйесі мақтана алады. Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды тәуекелге қоя отырып, тәулік бойы шаһардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткендеріңіз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздерге жаңа маңызды жетістіктер, қызметтеріңізде сәттілік тілеймін», – деді Ержан Бабақұмаров. 
 

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Жұртқа жақын полиция» қағидасын жүзеге асыруды атап өтті. Осыған байланысты Алматы қаласы ПД қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғауда жаңа формаларды қолдануда. Алматы қалалық полиция департаменті – қала әкімдігінің қолдауымен елдегі ең үздік материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілген Ішкі істер министрлігінің ірі құрылымдық бөлімшесі. Сонымен қатар осы жылы жас полиция қызметкерлеріне «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілді. Қазірдің өзінде 14 әріптесіміз пәтер алды», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. 

Бүгінде Алматы полициясына жаңа ведомстволық емхана мен спорт кешені салынуда.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласының қызметтері мен полиция бөлімшелерінің 166 қызметкері өздерінің кәсіби мерекелерінде марапатталды.