Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады

Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.

Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырмалар берді.