Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды

Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды
www.inform.kz

Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бұралқы жануарлардың санын ізгілікті реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық жануарларды қамту жоспарланып отыр.

Бағдарламаны өткізу кезеңі 2021 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысуға Pet Control деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипы бар жануарлар жіберіледі.

Микрочипы мен паспорты болмаған жағдайда, оларды төменде аталған кез келген емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі - 6 айдан 9 жасқа дейін.

Тегін зарарсыздандыру және кастрацияны жүзеге асыратын ветеринарлық клиникалардың мекенжайлары мен телефондары:

«ЦВМ» - Жамақаев көшесі, 32 үй; 8 (727) 313-13-28

«ЦВМ» - «Мамыр-4» шағынауданы, 111; 8 (727) 313-13-21

«Mastino»- Есенберлин көшесі, 217; 8 (727) 327-44-88, 8 (707) 327-44-88

«Allvet» -Төле би көшесі, 279 «Б»; 8 (727) 396-71-73

«Айболит»- Абай даңғылы, 26; 8 (708) 972‒02‒07

«Dog premium» - Зимняя көшесі, «Б»; 8 (727) 354‒33‒23

«АлматыВЕТ» -Жансүгіров көшесі, 311; (727) 397‒22‒76

«ЗооВита» - 8-шағынауданы, 10 «А»; 8 (727) 249‒85‒19