Алматыда «Үздік аула» байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріледі

Алматыда «Үздік аула» байқауының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріледі
сурет: Greenday.kz

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған акция аясында үздік аулалар анықталады.

«Үздік аула» байқауында жеңіске жеткен Алматы тұрғындары Қала күні қарсаңында «Таңғы студио» бағдарламасының тікелей эфирінде бағалы сыйлықтармен марапатталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске салсақ, үйлер, аулалар мен тұрғын үй кешендері арасында өтетін «Үздік аула» байқауына қатысу Almaty.tv теле арнасында 28 маусымда басталды. Байқау 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін жалғасады. Бұл байқауға қатысу үшін безендірілген ауланы, үй айналасын 1 минуттан асырмай видеоға түсіріп, оны #үздікаула хэштегімен әлеуметтік желілерге жүктеу керек.

Басты ескеретін жағдай: абаттандыру және ландшафты безендірулер үйдің және тұрғын үй кешендерінің тұрғындары тарапынан жасалуы қажет.