Алматыда қарбалас уақытында біреудің қалтасындағысын жымқырып жүрген ұры ұсталды

Алматыда қарбалас уақытында біреудің қалтасындағысын жымқырып жүрген ұры ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тәртіп сақшылары қалта ұрысын ұстады

Біреудің қалтасындағыны қағып, оңай олжаға дәндеген ұры Шығыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Тергеудің осы кезеңінде ұсталған азаматтың қоғамдық көлікте орын алған үш қалта ұрлығына қатыстылығы анықталды. Полицияға бірнеше рет арызданғаннан кейін біз қажетті шараларды қолданып, қылмыс болған жерлерді мұқият тексеріп, куәгерлерден сұхбат алып, бейнебақылау камераларының деректерін зерттедік. Нәтижесінде ұрлықты бір адам жасағаны белгілі болды. Күдікті “IPhone 11” маркалы ұялы телефонын ұрлағаннан кейін бірден 14-ші бағыттағы қоғамдық көлікте ұсталды. Ер адам негізінен “қарбалас уақытта” ұрлық жасап жүрген», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуат Науатов.

Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр