Алматыда қандай жағдайда қатаң шектеу шаралары алынады?

Алматыда қандай жағдайда қатаң шектеу шаралары алынады?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің  Іnstagram-дағы парақшасында шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Бекшиннің айтуынша, басты міндет- халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.

«Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80%-ы екпе алуы керек. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол қазір Алматы «қызыл» аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.