Алматыда Қазақстан құрамасы үстел теннисіне жаттықты

Алматыда Қазақстан құрамасы үстел теннисіне жаттықты
сурет: Massaget.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізді.
Қазақстан ұлттық командасы Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында Үстел теннисінен жаттығу жиынын өткізді. Жиынға жастар мен жасөспірімдер де қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Жаттығу жиынында көп нәрсеге мән бердік. Күніне жеті сағат бойы тоқтаусыз дайындалдық. Негізінен аяқтың жұмысына басымдық бердік. Допты ойынға қосу және қабылдау техникасын жетілдірдік. Барлығын психологиялық жағынан да қарастырдық. Жиында спортшылар қатты шаршады. Жалпы физикалық дайындықты сапалы түрде орындағандықтан, бұған таң қалудың қажеті жоқ. Теннисшілер шаршағанына қарамастан, жиынды жақсы деңгейде аяқтады. Олардың екі апталық көрсеткішіне жоғары баға беруге болады, - дейді кеңесші-бапкер Дмитрий Левенко.