Түркия Қазақстанға үш жарым мың дана Құран кітабын сыйлады

Түркия Қазақстанға үш жарым мың дана Құран кітабын сыйлады
Сурет: Egemen.kz

Акция TDV және Түркияның Дін істері басқармасы бірлесіп бастаған «Құран менің сыйым болсын» жобасы аясында жүзеге асты. 

Түркия Дін қоры (TDV) мен Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстандағы Құран оқу курстарына қатысушылар арасында мұсылмандардың қасиетті кітабының 3515 данасын таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шара Түркияның Радио және теледидар жоғары кеңесі төрағасының орынбасары Ибрагим Услу мен түріктің танымал актері Бахадир Нишехироглудың қатысуымен өтті. 

Айта кетейік, 2015 жылдан бері жобаны жүзеге асыру барысында 1 миллион 300 мың дана Құран кәрім таратылды. Кітаптар 81 елде 36 тілде басылған.