Алматыда жүгіруден паралимпиадалық команда құрылды

Алматыда жүгіруден паралимпиадалық команда құрылды

Алматы қаласында протезбен жүгіруден паралимпиадалық команда құрылды.

Спортшыларға «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 113,4 млн теңгені құрайтын 10 протез тарту етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спортшылардың ұтымды дайындығы үшін паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Генрих Поповтың жетекшілігімен протезбен жүгіруден арнайы ашық сабақ өтті.

«Мен қысқы Паралимпиада ойындарына шаңғы спортымен қатысатын едім. Осы жолы жүгіру командысына қосылдым, өзімді осы спорт түрінен сынап көргім келді. Менің ойымша, протезбен жүгіру өте қиын. Біраз дайындықты қажет етеді. Бүгін бізге Паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Генрих Попов келді. Өзінің бар білгендерін бізге үйретіп, ақыл-кеңестерін айтты. Тіпті, дұрыс жаттығу мен, жүгіру жолдарын көрсетіп жатыр», – дейді пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем чемпионы Ербол Хамитов.