Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кетті

Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кетті
Сурет: Egemen.kz

Ол алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:20-да болған.

"Түрксіб ауданында жүргізуші - 1972 жылғы У. есімді азамат, "FOTON" маркалы қоғамдық көлікті Құлжа тас жолы бойымен жүргізіп келе жатқан. Оңға қарай бұрылыс жасамақ болғанда, жолдың жүру бөлігі белгіленбеген бағытта кесіп өткен жаяу жүргінші - 1998 жылғы С. есімді азаматшаны қағып кетті", – делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.