Алматыда жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды

Алматыда жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды
Сурет: Polisia.kz

Іс-шара қаладағы қоғамдық көлік жолаушыларына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау мақсатында өткізіліп жатыр.

Алматыда 11-15 қаңтар аралығында жергілікті атқарушы органдармен, көлік министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп “Тасымалдаушы” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Барлық жер қауіпсіз болуы керек, соның ішінде қоғамдық орындарда және жолаушылар көлігінде де. Тәжірибе көрсеткендей, заңдылық пен тәртіпті бұзудың әдеттен тыс деректері қайтымсыз салдары бар оқиғаларға әкелуі мүмкін», – деді, ПД-де. Іс-шараның екі күнінің ішінде Алматы жолаушылар көлігінде 134 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде жиі кездесетіні – азаматтарға тиісу және қоғамдық орындарды ластау.

Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктерде алкогольдік ішімдіктерді ішу, темекі бұйымдарын пайдалану және ұсақ бұзақылық деректері кездеседі.