Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады

Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады
www.inform.kz

Бұл туралы Алматы қаласы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Baq kz сілтеме жасап.

Дәрігер Алматыдағы онкологиялық ауруларды емдеудегі қолжетімділік туралы айта келе, биыл қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші артқанын жеткізді.

Биылғы 9 айда орталықта 13 256 науқас емделді. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, науқастар саны 15 пайызға көбейді. Бір қуантарлығы, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 10 пайызға азайды. Бұл, біріншіден, ем алып жатқан науқастар санының көбеюіне байланысты. Екінші жағынан, ісікті ерте кезеңінде анықтап, емді ертерек бастауынан, - деді ол.

Сонымен қатар ол қатерлі ісікке шалынғандар арасында өмір сүру жағдайы ұзарғанын айтты.

Мәселен, ауырған сәтінен бері 5 жыл уақыттан бері ем алып келе жатқан науқастар саны 54%-дан асты. Статистика бойынша, Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады. Бірақ емін алып, жұмысын жалғастырып жатқандардың саны қазір 27 мыңға жетті, - дейді орталық директоры.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/almatyda-zhylyna-4-myn-adam-katerli-isikpen-auyrady/