Күн қырық құбылып тұр

Күн қырық құбылып тұр
almaty-akshamy.kz

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 23-25 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазанның 23-25 аралығына жасалған болжамға қарағанда, демалыс күндері күн құбылмалы болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне ықпал етеді.

Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана Солтүстік циклон жырасы әсер етіп, ауа температурасы төмендейді.

Бірақ фронталды жүйелер елдің барлық аймақтарына ықпалын жалғастырып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.