Алматыда "Жетісу" сауда кешені өртенді

Алматыда "Жетісу" сауда кешені өртенді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматыда "Жетісу" сауда-логистикалық кешені өртеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, 18 сәуірде сағат 19:10-да өрт сөндірушілер шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша аяғынан тік тұрғызылып, оқиға орнына аттанды.

"Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер контейнерлердің бірі отқа оранғанын анықтады. Су шашу оқпандары өрт гидрантына қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Оттың көрші контейнерлерге ұласпауы үшін бар күш жұмсалды. Өртті сөндіру бейнебақылау жүйесі камераларының көмегімен бақыланды", - деп хабарлады ТЖД.