Алматыда жер сілкінісі кезіндегі эвакуация мәселесі қаралды

Алматыда жер сілкінісі кезіндегі эвакуация мәселесі қаралды
Сурет: Ашық дереккөз

Мамандар төтенше жағдайларға байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді

Бүгін Ұлттық кітапхана ұжымына «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі мен туындау кезіндегі халықтың іс-әрекеті тақырыбында» жиын өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараға Алматы қаласы, Бостандық ауданының ТЖБ бас маманы Айтқожаева Н.А және ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау полковнигі Худайбердиев С.Б.  арнайы қатысты.

Іс-шара барысында «Жер сілкінісі кезіндегі эвакуация», «Төтенше жағдай кезінде халықты жинақтау пункті», «Дабыл чемоданы» атты тақырыптарда арнайы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетілді.

Мамандар төтенше жағдайларға байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Апатты жағдайларда мекемелерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, қауіпсіздік ережелеріне бағыну, жер сілкінісі кезінде мекеменің қауіпсіз орындарында қорғану мәселелеріне тоқталып, төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, елімізде төтенше жағдайларға төтеп беру үшін әлемнің алдыңғы қатарлы озық технологиялары қолданысқа енгізіліп жатқандығына тоқталып, су тасқындары немесе өрт, жер сілкіну апаттары кезінде халықты сабырлықпен шешім қабылдауға шақырды.