Шетелде қалған қазақстандықтарды әкелуге барлық күш-жігер жұмылдырылады - Air Astana

Шетелде қалған қазақстандықтарды әкелуге барлық күш-жігер жұмылдырылады - Air Astana
Cурет: Ашық дереккөз

Ыстанбұлда 500-ден астам жолаушы қалған

Air Astana авиакомпаниясы шетелде қалған қазақстандықтарды елге әкелуге барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz аталған әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Ыстанбұлда 500-ден астам жолаушы қалып отыр. Бүгін біздің авиакомпания Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл рейсін жасайды. Ыстанбұлға ұшып шығу уақыты 19:05, ал қону уақыты шамамен 21:25 деп отырмыз. Ыстанбұлдан кері қайту рейсі 22:25 сағатта, елге келу шамамен 06:10 сағатта. Барлық жерлерде жергілікті уақыт көрсетілген», - дейді авиакомпания баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін мыңнан астам қазақстандық турист Түркиядан келе алмай отырғаны хабарланған. Қазақстанның дипломаттары авиажолаушыларға құқықтық, ақпараттық қолдау көрсететін арнайы штаб құрды. Бұдан бөлек, Ыстанбұлда тұратын қандастарымыз да өздерінің қолдауларын жасап жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандықтар Қазақ-түрік қорының кеңсесіне жайғасқан. Оларға барлық қолдау, көмектер берілуде.