Алматыда Жеңіс күні сән-салтанатымен тойлануда

Алматыда Жеңіс күні сән-салтанатымен тойлануда
Сурет: Inform.kz

Алматыда Жеңіс күні мерекесі сән-салтанатымен тойланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мереке таңғы сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Осы саябақта қазақстандық заманауи әскери техника мен қару-жарақтың көрмесі өтіп жатыр. Бұдан бөлек, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық ас мәзірімен мерекелік түскі ас беріліп, концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ қала тұрғындары «Батырларға тағзым» акциясы аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін майдангер ата-әжелерінің суреттерін ұстап жүріп өтті.

Айта кетейік, Алматыда мерекелік іс-шаралар қаланың басқа аудандарында да өтіп жатыр.