10-12 мамырда ел өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

10-12 мамырда ел өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Сурет: Qazaly.kz

«Қазгидромет» РМК 10-12 мамыр күндергі ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с дейін жетеді», - делінген синоптиктер хабарламасында.