Алматыда жас музыканттар байқауы өз мәресіне жетті

Алматыда жас музыканттар байқауы өз мәресіне жетті
Сурет: Almaty.tv

Ұйымдастырушылар қатысушыларымыздың қаншалықты талантты екенін анықтады.

Бүгін Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінде 55-ші қалалық жас музыканттар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Іс-шарада қалалық кезеңнен топ жарған оқушылар мен үздік деп танылған тәлімгерлер анықталды.

Ұымдастырушылардың айтуынша, жиырмаға жуық өнерпаздың ішінде 50-ге тарта күйді шертіп, әуелетіп ән айтатындар, мың бұралып билейтіндер де жетерлік.   

«Байқауымыздың негізгі мақсаты – қатысушыларымыздың қаншалықты талантты екенін анықтау. Оның үстіне өнерлі балалардың ел алдына шығып, көпшілікке концерт қоюы да олардың шабытын шыңдай түседі», - деді М.Төлебаев атындағы музыка мектебінің директоры Сергей Романов.