Алматыда жаңа жылда 217 "жедел жәрдем" бригадасы жұмыс істеді

Алматыда жаңа жылда 217 "жедел жәрдем" бригадасы жұмыс істеді
almaty-akshamy.kz

Жаңажылдық мереке күндері кездесетін дәстүрлі проблемалардың бірі – улану.

Алматы қалалық "Жедел жәрдем" қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин өткен демалыс күндері әдеттегідей жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

217 бригада жұмылдырылды, оның ішінде: 186 "жедел жәрдем" бригадасы және емханаларда 31 "жедел медициналық жәрдем" бригадасы.

«Тәулігіне 3 мыңға жуық қоңырау соғылды. Оның 30%-ға жуығы - жедел жұқпалы аурулармен шақырылғандар. Оның 50 пайыздан астамы балаларға шақырылды. ЖКО бойынша шақыртулардың 10%-ға жуығы, оның ішінде: жол-көлік оқиғасы бойынша 26 шақыру – 21 зардап шегуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді. Мереке күндері пиротехникалық өнімдерден 13 адам зардап шекті, оның үшеуі - бала. Сипаттамасы бойынша – бет пен көздің термиялық және жарылу жарақаттары бойынша 9 жағдай және қолдың төрт жарақаты», - деді А.Ложкин.

Сонымен қатар, мереке күндері "жедел жәрдем" бригадалары үш әйелді үйде босандырып алды, жаңа туған нәрестелері бар аналар акушерлік стационарларға жеткізілді.

Сондай-ақ, А.Ложкин 2023 жылдың 2 қаңтарында орын алған оқиғаға тоқталып, апаттық желіге Ташкент-Алматы рейсінде турбуленттік аймаққа түскен  ұшақтың апатты жағдайда қонғаны және  зардап шеккен 5 адам хабарлама келіп түскенін айтты.

«Зардап шеккен Өзбекстанның екі азаматы басынан және аяқ-қолынан жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді, үшеуі тексерілуден бас тартты», - деп түйіндеді спикер.