Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталды

Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталды
Сурет:Almaty.tv

Жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.

Алматыда жаңа балет театрының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Мәдени ғимараттың жалпы ауданы 14 мың шаршы метрді құраса, көрермен залы 700 адамға есептелген. «Алматы театры» классикалық балет қойылымдарынан бөлек, басқа да іс-шаралар өткізуге қауқарлы. «Алматы театры» әлемде үздік саналатын балет сахналарынан кем түспейді.

Мұнда түрлі форматтағы презентациялар мен ауқымды қойылымдардан бастап, таңғажайып шоуларға дейін ұйымдастыруға болады. Белгілі сарапшылар мәдени ғимараттың өте сапалы салынғанын әрі заманауи талаптарға сай екенін айтады.

«Мұнда еден арлекиннен жасалған, өте сапалы. Оны тек балетте қолданады. Сахнадағы әртістердің керемет сезімді бастан кешері сөзсіз. Мұндағы жарық та барлық техникалық талапқа сай»,– деді Қазақстан Хореографтар одағы төрағасының бірінш орынбасары Нұрлан Қонақбаев.

Ғимарат алдағы уақытта қаладағы ірі орталықтардың біріне айналары сөзсіз. «Алматы театрының» жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды, 4 қабаттан тұрады. Залға 700 адам еркін сыйып кетеді. Одан бөлек, ішінде мейрамханалар мен арнайы тамақтанатын орындарға дейін бар. Ал мәдени орталықтың қасбеті табиғи тастармен қапталып, сәндік өрнектермен безендірілген.