Алматыда жаңа автобус маршруты ашылады

Алматыда жаңа автобус маршруты ашылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Желіде 10 автобус 13 минуттық жиілікпен қызмет көрсетеді.

Қала маңындағы тұрғындардың өтініші бойынша 10 ақпаннан бастап жаңа №230 маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

"Ақсай-1" шағынауданы аялдамасынан шығып, Төле би көшесі – Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Шымкент/Алматы тас жолы – Абылай хан даңғылы – Қаскелең қаласына дейін барып, әрі қарай айналма жолдан бұрылып, кері бағытта жүреді.