Қазақстан ДДҰ-мен бірлесіп, медициналық көмек орталығын құрды

Қазақстан ДДҰ-мен бірлесіп, медициналық көмек орталығын құрды
Сурет: Еgemen.kz

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ДДҰ-ның күн тәртібінде басты орын алады.

Пандемияға байланысты барлық Еуропа елдері алғашқы медициналық-санитарлық көмек қазір бұрынғыдан да маңызды екенін мойындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда (Қазақстан) орналасқан ДДҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жұмысы арқылы аймақта және бүкіл әлемде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту саласында ДДҰ-ның Қазақстанмен ынтымақтастығы шеңберінде қол жеткізген табыстары туралы айтты. 2016 жылы ДДҰ мен Қазақстан бірлесіп ДДҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын құрды.

«Алматы қаласында орналасқан ДДҰ-ның Еуропалық бюросының географиялық жағынан қашық орналасқан аймақтық офисі. Орталық аймақтық бюроның алғашқы медициналық-санитариялық көмек бағдарламасын іске асыруды басқарады. ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы Еуропадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы саяси реформалардың қайнар көзі болуға ұмтылады. Мүше мемлекеттерге прагматикалық және пәрменді саяси ұсынымдар беру арқылы Орталық маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін Алматы және Астана декларацияларында қабылданған стратегиялық тұжырымдаманы іске асыруға ұмтылады», - деді ДДҰ ЕАБ директоры Ханс Клюге.