Алматыда Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана-дәрісхана ашылды

Алматыда Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана-дәрісхана ашылды

Академиктің атында Алматы қаласында көше және Алматы облысы Кербұлақ ауылында мектеп бар.

Алматы Энергетика және байланыс университетінде белгілі ғалым, профессор Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана-дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

20 желтоқсанда Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі,  Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының “Қазақ тілі” қоғамының басқарма мүшесі, ғылыми-ұстаз, профессор Тобаяқов Жамбыл Ошақбайұлы атындағы зертханалық дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.

Ғалым-профессор Жамбыл Тобаяқов 1975 жылы  Алматыда энергетика институтында физика факультетінің негізін қалап, оны 10 жыл бойы басқарған. 1994 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы ЖОО-ның ректорының тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ол педагог ретінде физика және энергетика саласындағы көптеген ізбасар тәрбиелеп, ғылым саласының өркендеуіне үлес қосты. Өмірін ғылымға арнаған ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, ондаған кітабы, монографиясы, сөздігі бар. Академиктің атында Алматы қаласында көше және Алматы облысы Кербұлақ ауылында мектеп бар.

Биыл өзі еңбек еткен Алматы Энергетика және байланыс университетінде ашылған зертхана-дәрісхана соңғы технологиялармен, Жамбыл Ошақбайұлының өмірі мен қызметінен хабар беретін стендтермен жабдықталған.

Аталмыш шараны Ғарыштық инженерия кафедрасы, Телекоммуникация және Ғарыштық инженерия институты ұйымдастырған.