Алматыда Жалпыға бірдей декларацияның не үшін қажет екендігі түсіндірілді

Алматыда Жалпыға бірдей декларацияның не үшін қажет екендігі түсіндірілді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындалы жалпыға бірдей декларацияны енгізудің мақсаты туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің мақсаты - табыстардың ашықтығын қамтамасыз ету, елеулі қаржы қаражатын алу және сыбайлас жемқорлық есебінен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес. Табыстардың ашықтығы бюджетке қосымша түсімдерге алып келеді, бұл өз кезегінде ел экономикасы мен әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. 

“Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу барлық елдердің экономикасын дамытудың табиғи бағыты болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауды табысты енгізу мақсатында ҚР-да АҚШ, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Сингапур, Швейцария сияқты әлемнің көптеген дамыған елдерінде қолданылатын прогрессивті халықаралық тәжірибе зерделенді” - деді З. Шындали. 

Жалпыға бірдей декларациялау салық есептілігінің 2 нысанын ұсынуды көздейді: 
• “Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация” (250.00-нысан)
• “Кірістер мен мүлік туралы Декларация” (270.00-нысан).

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысаны бойынша декларация ұсынылады, ол - “кіру” деп аталатын декларация, ал келесі жылдары 270.00 нысаны бойынша жыл сайынғы декларация ұсынылады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүліктер:
• жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері;
• көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер;
• барлық банктік салымдар бойынша АЕК мөлшерінен 1000 есе асатын сомадағы шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;
• заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

2. Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де мүлік:
• тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесі;
• бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
• инвестициялық алтын;
• зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
• АЕК мөлшерінің 10 000 еселенген шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
• банктерге берешекті (кредиттер, депозиттер, карточкалық шоттар) қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырылған) шарт немесе өзге құжат болған кезде жеке тұлға алдындағы басқа тұлғалардың берешегі (дебиторлық берешек) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) ;
• жеке тұлғаның қалауы бойынша бағасы 1000 еселенген АЕК-тен (антикварлық заттар, қымбат картиналар және т.б.) асатын басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бағалауды тәуелсіз бағалаушыдан жасауға болады.