Алматыда жалған мәліметке байланысты қонақүйден адамдар эвакуацияланды

Алматыда жалған мәліметке байланысты қонақүйден адамдар эвакуацияланды
ritz-almaty.book-hotels-now.com

Алматыдағы «The Ritz-Carlton» қонақүйінің қызметкерлер мен келушілер жарылғыш зат қойылғаны туралы мәліметке байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, 3 қыркүйек, түнгі сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған нысанға қаланың жедел қызметтері шұғыл жіберілген. Қонақүйдің қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты ғимаратты екі сағаттан артық тексерді.

«Тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта анонимді хабар берген адамды анықтау, оны ұстау және ары қарай жауапқа тарту бағытында кешенді жедел шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.