Алматыда жүк көлігін жүргізушілердің жиі заң бұзатыны анықталды

Алматыда жүк көлігін жүргізушілердің жиі заң бұзатыны анықталды
Сурет: Kaktus.media

Бір күннің ішінде 21 заң бұзушылық анықталған.

Алматы полицейлері заң бұзған жүк көлігін жүргізушілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 2 тамыз күні қалада жүк көлігі жүргізушілеріне қатысты алдын алу іс-шарасы жүргізілген.

Полиция жүк көлігінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін, жүктерді тасымалдау ережелерін, көлік құралының техникалық жағдайының талаптарына сәйкестігіне жаппай тексеру жүргізді. Жүк көлігі жүргізушілері көп жағдайда ақауы бар немесе көлік құралын пайдалануға тыйым салынған жағдайларда да көлікті жүргізіп, заң бұзады.

Тексеру нәтижесінде бір күнде 21 бұзушылық анықталып, әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде: 590-бап 5-бөлім (Техникалық жағдай) – 11 бұзушылық, 590-бап 1-бөлім (МТНБ стандарт талаптарына сәйкес келмейді) – алты бұзушылық, 601-бап (Жол белгілері) – екі бұзушылық, 593-бап 1-бөлім (Жүктерді тасымалдау ережесін бұзу) – екі бұзушылық. Алматы қаласы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасы мұндай рейдтік іс-шаралардың тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.