Алматыда үздік аула, үздік гүл отырғызушы, коммуналдық қызметтің үздік қызметкері таңдалады

Алматыда үздік аула, үздік гүл отырғызушы, коммуналдық қызметтің үздік қызметкері таңдалады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Байқау «Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өткізіледі

8 сәуірде басталған «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Алматы қаласының әкімдігі «Үздік аула, үздік гүл отырғызушы, коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» атағы үшін байқау өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Байқауды  өткізу мерзімі: 2024 жылғы 10 сәуір - 7 мамыр.

Байқау тұрғындардың қала аумағын күтіп ұстау, абаттандыру және көгалдандыруды жақсарту жөніндегі бастамаларын дамытуға бағытталған.

Конкурсқа Алматы қаласының барлық тұрғындары мен мекемелердің (ұйымдардың, кәсіпорындардың) басшылары қатысуға құқылы. Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау қаланың 8 ауданының әрқайсысында үш бағыт бойынша өтеді. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары арасында «Үздік аула» және «Үздік гүл отырғызушы» анықталады. «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» атағы үшін мүлік иелері бірлестіктерінің тазалаушылары, сондай-ақ көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 24 сәуірге дейінгі мерзімде орналасқан аумағы бойынша  аудан әкімі аппараттарының коммуналдық шаруашылық бөлімдері қабылдайды.

Байқауды өткізу ережелерімен Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzh/documents/details/641894?lang=ru

 

Конкурсқа қатысушыларға бояуды беру бойынша жан-жақты көмек көрсетілетінін қосымша хабарлаймыз. Бояу материалын алу үшін мына мекенжайлар бойынша ъхабарласу қажет:

 

Аудан

Сақталатын орын/беру

Жауапты

 

Алатау

 Веселов көш, 18 «А»

Талгат

+7 (708) 502 03 68

 

Алмалы

 Төле би көш, 67

Нурдаулет

+7 (775) 888 77 55

 

Әуезов

 Мамыр – 1 ш/а, 26/1

Бауыржан

+7 (707) 008 09 13

 

Бостандық

 Тәжібаева көш, 155 «А»

Лидия

+7 (777) 684 99 44

 

Жетісу

 Тихов көш, 87 «А»

Нұрберген

+7 (747) 772 74 78

 

Медеу

 Пушкин көш., 72

Абылай

+7 (778) 111 55 44

 

Наурызбай

 Байсұлтанов көш, ½

Оңалбек

+7 (707) 300 03 55

 

Турксіб

 Шолохов көш, 9

Болат

+7 (747) 139 93 60