Алматыда үй жануарлары қырылып жатыр

Алматыда үй жануарлары қырылып жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Алматы полиция департаменті "Легенда" тұрғын үй кешенінде үй жануарларының өліміне қатысты тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы "Легенда" тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй жануарларының қырылуына кінәлілерді табуды талап етті.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жүргізілуде. Өлімнің себептері анықталып жатыр.

Тұрғын үй кешенінің аумағы егеуқұйрықтарға қарсы зарарсыздандырғыш заттармен өңделгені туралы ақпарат пайда болды. Алайда тұрғындар басқарушы компанияның алдын ала ешқандай ескерту жасамағанын айтады. Соның кесірінен үй жануарлары қырылып қалған.