Алматыда Ұлттық ұлан жасағы адасып кеткен балаларды тапты

Алматыда Ұлттық ұлан жасағы адасып кеткен балаларды  тапты
Сурет: Inform.kz

Алматыда адасып кеткен балаларды Ұлттық ұлан жасағы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 11 қараша күні Алматы қаласының Төле би көшесі бойында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінде жүрген Ұлттық ұлан жасағынан екі баласынан көз жазып қалған ана келіп, көмек сұрайды.