Алматыда «Ұлы тауларының шыңдары» атты суретшілер көрмесі өтеді

Алматыда «Ұлы тауларының шыңдары» атты суретшілер көрмесі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Көрмеге 35 суретші қатысады

2022 жылдың 27 қазанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Республика күніне арналған «Ұлы тауларының шыңдары» атты республикалық суретшілер көрмесі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Көрменің мақсаты –  Қазақстандағы бейнелеу өнерін қолдау және дамыту,  суретшілердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау, мәдени кеңестікте заманауи өнер үрдістерін насихаттау және ұсыну. 

 Көрме Республикалық Арт-симпозиум аясында ұйымдастырылады. Көрмеге (Алматы,  Астана, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Семей, және Қызылорда) қалаларынан 35 суретші қатысады, олар әртүрлі ұрпақтармен, өнер мектептерін және стильдер мен үрдістерді бейнелейді.

Инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады - жобаға ерекше қажеттіліктері бар суретшілер қатысады.

Өнерсүйер қауымның назарына автордың 70-тен астам бірегей туындылары ұсынылады - сұлулығымен ғажайып пейзаждар, асқақ таулар, қарлы шыңдар, күннің батуы мен шығуы, кенепте бейнеленген эллюзиялар мен парадокстар ұсынылады.  

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министірлігі мен «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды.