Алматыда велосипед спортынан «Giro d'Almaty» жарысы өтеді

Алматыда велосипед спортынан «Giro d'Almaty» жарысы өтеді
almaty-akshamy.kz

Биылғы жылы велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасында жыл сайынғы «Giro d'Almaty» жарысы 7-8 қазанда өтеді. 220 велосипедші қатысады деп болжанып отыр. 

Уақыты мен орны: бірінші күн - 7 қазан, іс-шараның сағат 9:30-да Алматы қаласы Алатау ауданында, «Индустриалық аймақ» басталады, мәре сағат 11:30-да, «Алғабас» шағын ауданы, 7-ші көше, 138/5 мекенжайдағы «Huyndai Trans Kazakhstan» зауытының тұрағы.

Екінші күн - 8 қазан, Алматы қ., Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар к-сі 401/2, «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінен сағат 8:30-да басталып, мәре сағат 10:30-да, «Медеу» СК кіреберіс алдындағы алаңда болады.

Веложарысқа байланысты, 8 қазан күні сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін Достық көшесіндегі қонақ үйден «Медеу» СК-не дейінгі жол оңтүстік бағытта жабылады.