Алматыда вакцина салдырған студенттерге «Оңай» картасы берілді

Алматыда вакцина салдырған студенттерге «Оңай» картасы берілді
Сурет: Hse.ru

Қауіпті індетке қарсы вакцина алу жалғасуда

Алматы технологиялық университеті қызметкерлерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жоғары оқу орынының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Диляра Бисалиеваның айтуынша, ұжым вакцинаның маңыздылығын жақсы түсінеді.

«Қазіргі таңда университетте барлығы 646-қызметкер еңбек етеді. Олардың 90% -ы вакцинаның екі компонентімен де егілді. Ал 9%-да медициналық қарсы көрсетілімі бар. Айта кету керек, оқу ғимаратында Аshyq жүйесі жұмыс істейді», - деді проректор.

Сондай-ақ, вакцина алған студенттер арасында ұтыс ойындары ойнатылған.

«Вакцина алған 100 студентке «Оңай» жол жүру картасы таратылды, 200 студент жатақханамен қамтылды, 60 студентке «Меломан» кітап дүкенінен кітап алу үшін сертификат берілді, 40 студент АТУ-дың тілдік курсында оқиды»,- деді Диляра Бисалиева. Студенттер бүгінгі күні де қауіпті індетке қарсы вакцина салдырып жатыр.