Мұнай бағасы қымбаттады

Мұнай бағасы қымбаттады
Сурет: Rg.ru

Нарықта мұнай бағасы көтерілді.

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. Кеше ICE биржасында қазан айында жеткізілетін Брент маркалы мұнайдың баррелі 67 доллардан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар 19 тамыздан бері алғаш рет 3,2 пайызға көтерілді. Ал американдық WTI маркасы 64 доллардан сәл асты. Сарапшылар баға әлі де құбылады деп санайды.

Болжам бойынша төмендеуі мүмкін. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты көптеген елде шектеу шаралары күшейіп жатыр.

Әсіресе, шикізатты көп алатын Қытайда карантин талаптары күшейген. Бұған қоса, кейінгі аптада АҚШ-тың мұнай компаниялары бұрғы қондырғыларының санын көбейтіп, өндірісті тәулігіне 11,4 миллион баррельге көбейтті. Сондықтан трейдерлер сұраныс азаяды деген қауіппен қордағы мұнайынан құтылуға тырысып жатыр.