Алматыда түнімен 1260 текше метр қар шығарылды

Алматыда түнімен 1260 текше метр қар шығарылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника жұмыс істеді.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы жүрді. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасуда. 

Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді.

Қар толассыз жаууда. Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см.