Алматыда тарихи тұлғаға арналған конференция өтті

Алматыда тарихи тұлғаға арналған конференция өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Дана билердің дара жолы. 

Алматыда «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының Ғылым ордасында қала әкімдігінің қолдауымен «Алтай би» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды. Аталмыш жиын Әділетті Қазақстан құру жолында тарихи сана мен елжандылық қасиеттерді қалыптастыру және Алтай би Найманбайұлының өмірі мен жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігін талқылау мысалында қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында өтті. 

«Қазақ даласы ерте замандардан-ақ қазақ мемлекеттілігінің негізін қалыптастыруда аянбай қызмет еткен, әділдіктің ақ туын биік ұстанған  дана билері мен өжет батырларының қызметімен тарихта орын алған. Қазақ-жоңғар соғысы дәуірінде қазақ билері өзінің шешендік сөздерінің мәні мен дипломатиялық шеберлігімен қазақ тарихында есімдері өрнектеліп, халық санасында мәңгілік есте қалған. Қазақ төл тарихындағы билер арасындағы көрнекті тарихи тұлғалардың бірі – Албан тайпасының Қызылбөрік руынан шыққан, танымал Әжібай батырдың ағасы Алтай би Найманбайұлы», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары. 

Конференцияға қала әкімдігінің өкілдері, Алматының жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, Қырғызстан зерттеушілерінің делегациясы және Алтай би Найманбайұлының ұрпақтары қатысты.