Алматыда спорттық және әскери самбодан халықаралық турнир өтті

Алматыда спорттық және әскери самбодан халықаралық турнир өтті
Сурет: 24.kz

Спорттық сайыс генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жарысқа биыл еліміздің барлық өңірінен және Қырғызстан мен Тәжікстаннан, сондай-ақ Украинадан 200-ден аса үміткер қатысты. 2 күндік жарыстың қортындысы бойынша, жалпы командалық есепте Орталық Армияшылар командасы топ жарса, Абай облысынан келген самбошылар 2-ші, ал Алматы облысының құрамасы үштікті түйіндеді. Жамбылдық Ерлан Махмұтов пен 98 келіде белдескен Кенжебек Түймебектердің боз кілемдегі жанкештілігіне жанкүйерлер қол соқты. Осы жарыстың жеңімпаздары енді әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

«Бұл жарыс - негізі әлем чемпионтына дайындық. Іріктеу жарысы болып жатыр. Бұл жарыста 1-ші орын алған спортшыларға спорт шебері деген атағы беріледі. Бұл жарыстың мақсаты - жастарды спортқа баулу. Келешекте еліміздің туын үлкен-үлкен жарыстарда желбіретсе деген ниетпен жылда өткіземіз», - деді Алматы қаласы Самбо федерациясының президенті Бақтияр Құнақынов.