Алматыда сырғыма түсті

Алматыда сырғыма түсті
Сурет: Astanatv.kz

Алматыда көлемі 10 текше метр болатын лай сырғыма түсті.

ТЖМ мәліметінше сырғыма Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын мен топырақтың батпақтануы себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі аталған учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар. Бұған дейін Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен болатын.