Алматыда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 10 бөлімшесі жұмыс істейді

Алматыда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 10 бөлімшесі  жұмыс істейді
Сурет: Almaty.tv

600-ден астам тәрбиеленуші қосымша тегін білім алады.

Алматы қаласының барлық аудандарында құрылғанына 4 жыл болған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 10 бөлімшесі сәтті жұмыс істеуде. Клубта күніне 600-ден астам тәрбиеленуші қосымша тегін білім алады. Жобаны жүзеге асыру үшін 150-ден астам аға буын өкілдері – зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары тұрақты жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылдың 1 қараша күні клубтың құрылғанына орай тәрбиеленушілер мен ұстаз-тәлімгерлер мерекелік іс-шара дайындаған. Іс-шара 2022 жылдың 1 қараша күні сағат 10.00-де І.Жансүгіров атындағы № 130 мектеп гимназиясында "Тастақ-1" ықшамауданы, 26 а мекенжайы бойынша өтеді. 

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік жобасы 2019 жылдың 1 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» (елдің 224 әлеуметтік жобасының арасында) VII республикалық көрмесінде «Шыңға өрлеу» әлеуметтік жобасы II орынға ие болды. Қазіргі уақытта  әлеуметтік жоба қосымша білім беру қызметтері нарығында лайықты орын алады. Жоба қызметі 1-4 сынып оқушыларына өмірлік тәжірибесін, білімі мен дағдыларын берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы еліміздің жас және аға ұрпақтары арасындағы сабақтастық қағидаттарын қалыптастыра отырып, аз қамтылған отбасында тәрбиеленген бастауыш мектеп жасындағы балаларға тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасайды.