Алматыда шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Алматыда шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген
Сурет: Polisia.kz

Үш күн ішінде 17 қонақ анықталды.

Олардың жетеуі курьер қызметін атқарған, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматыда жүргізілген рейдтер барысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдік азаматтар анықталды. Үш күн ішінде Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Түрікменстаннан және Үндістаннан келген 17 қонақ анықталды, олардың 10-ы жеке тасымалдаумен айналысса, тағы жетеуі жеткізу қызметінің курьері болып жұмыс істеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде құжаты жоқ 9 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды, ал сегізіне қатысты уақытша тұруға рұқсат беру өтініші кезінде көрсеткен мақсаттарға сәйкес келмеу дерегі бойынша әкімшілік материалдар жиналды.