Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік құрдастары
gov.kz

Ел тәуелсіздігінің құрдасы болу мен үшін үлкен мәртебе - Бекмаханбет Әбішев

1991 жылы туған балалар еліміздің тәуелсіздігімен бірге дүниеге келді. Бүгінде олардың жасы 32 жасқа толып жетті. Қазіргі уақытта олар түрлі мамандықтарды игеріп, еліміздің дамуына үлес қосуда. Олардың қатарында Қарағанды қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бекмаханбет Әбішев те бар, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің құрдасы Бекмаханбет Әбішев бала кезінен өрт сөндіруші болуды армандаған. Сол арманына қол жеткізу үшін мектепті тәмәмдаған соң, Көкшетау қаласындағы техникалық институтқа оқуға түсті.

Бекмаханбет 2012 жылдан бастап төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметін атқарады.

«Қанша қауіпті мамандық болғанымен, өзім таңдап алған мамандығым өзіме ұнайды. Өйткені, тәуелсіз елімізде өрт сөндіру саласын дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Қазіргі заманғы техникалар мен құрал-жабдықтар өртті дер кезінде ауыздықтап, сөндіруге мүмкіндік береді. Мұның бәрі ел тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер. Сондықтан, мен үшін экономикасы қарыштап дамыған, егемен елдің ұланы болудан асқан бақыт жоқ», -дейді Бекмаханбет Әбішев.