Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда
Сурет: ашық дереккөз

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

5 қыркүйек сағ.23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің оңтүстік бетінде Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly (https://t.me/AlmatyJoly) телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. 

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.