Еріктілердің арқасында Алматыда ірі іс-шаралар өткізіліп келеді 

Еріктілердің арқасында Алматыда ірі іс-шаралар өткізіліп келеді  Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне «Ұлттық волонтерлік желі» өкілдері қатысты, олар волонтерлердің еліміздің және мегаполистің имиджін арттыруға қалай көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мысалы, «Азия дауысы» фестивалін өткізу барысында еріктілер шетелдік туристерге Медеуде өздерін жайлы сезінуге көмектесті. Сондай-ақ, спикерлер волонтерлікті қолдау шаралары мен қолданыстағы жобалар туралы ақпаратпен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 30-дан астам еріктілер ұйымдары мен топтары жұмыс істейді, олардың құрамында 50 мыңнан астам ерікті бар.


Татьяна алматылық еріктілер осы жылдың мамыр айында өткен Халықаралық еріктілер форумын ұйымдастыруға белсене қатысқанын атап өтті.


Тағы бір спикер, жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бекқайыров Алматы жастары еріктілер ұйымдарының қызметіне белсенді қатысатынын атап өтті. Ол волонтерлердің қазіргі фронт - кеңсесі туралы айтып берді, соның арқасында бірнеше жобалар басталды.


Олардың ішіндегі ең ірісі – «Тілдер саябағы», оның аясында қаланың 8 ауданында қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін сабақтар өткізіледі. Оқыту таза ауада, қаланың саябақтары мен скверлерінің аумағында бейресми жағдайда өтеді. 


Жалпы, жыл басынан бері алматылық еріктілер 450-ден астам іс-шараға қатысты. Айта кетейік, қала еріктілері Абай облысында зардап шеккендерге 50 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады.
Спикердің айтуынша, Алматының волонтерлік қозғалысында еріктілерді ынталандырудан тұратын жақсы дәстүр қалыптасқан.  


Еріктілер қатарына қосылғысы келетіндер болса,Байтұрсынов көшесі, 22, 1-корпус мекенжайындағы фронт-кеңсеге бару қажет. Немесе қажетті ақпаратты qazvolunteer.kz сайтынан және волонтерлік  бірлестіктің әлеуметтік желілері арқылы табуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58