Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда шахматтан әлем  чемпионаты өтеді
Сурет: News.sportbox.ru

Алматыда шахматтың жылдам және близ түрлерінен 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ФИДЕ рапид және блицтен 2022 жылғы әлем чемпионаттарының өтетін күні мен орнын растауға қуанышты.

Беделді шара Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі – Алматыда өтеді», - делінген ФИДЕ мәліметінде.

Чемпионат 25 желтоқсаннан (спортшылардың келуі және турнирдің ашылу салтанаты) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу салтанаты) өтеді.

«Көптеген елдер (100-ден астам) Қазақстанға визасыз режимді, сондай-ақ Визалық-миграция порталы арқылы берілетін бірреттік электронды визаны алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады», - делінген федерация ақпаратында.