Алматыда самокатпен жалаңаш жүрген жұп қамауға алынды

Алматыда самокатпен жалаңаш жүрген жұп қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz

Бұзақылар 10 тәулікке қамалды.

Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш жұп қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында жалаңаш күйінде самокат мінген 25 жастағы М.есімді азаматша мен 29 жастағы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

«Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.