Алматы полициясы есірткі саудасы туралы мәлімдеме жасады

Алматы полициясы есірткі саудасы туралы мәлімдеме жасады
Сурет: Turkystan.kz

Тәртіп сақшылары дабыл қағуда.

Полицейлердің айтуынша, есірткі қылмысына жастар көбірек тартылуда. Олардың көпшілігі есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы ойланбайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, есірткі сатылатын сайттардың мекенжайлары көрсетілген трафареттік жарнаманы қолдану арқылы ақша табуға тырысатындар туралы, сондай-ақ есірткіні жасырын жерге қойып кету заң бойынша жазаланбайды деп ойлайтындар жайында болып отыр. Бұл екеуінің де қылмыс екенін және Қылмыстық кодекстің нормаларымен реттелетінін жауапкершілікпен мәлімдеймін. Есірткі және психотроптық заттарды жарнамалағаны үшін заң шығарушы 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ал есірткіні жасырын жерге қойып кеткендігі үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Өз болашағыңызды құртпаңыз! Біреудің тағдырын талқандауға үлес қоспаңыздар!»– деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.