Текелі қаласында маунтинбайктен Қазақстан чемпионаты басталды

Текелі қаласында маунтинбайктен Қазақстан чемпионаты басталды
Сурет: Alaniatv.ru

Алғашқы жеңімпаздар анықталды.

Текелі бұл күндері маунтинбайктен Қазақстан чемпионатын қабылдауда. Турнир аясында қысқа жарыс пәнінен XCC жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Ерлер арасында Егор Карасев ұлттық чемпион атанды. Екінші орынды Денис Сергиенко иеленді. Үздік үштікті Андрей Нитяжук тұйықтады.

Татьяна Генелева әйелдер арасынан алтын алды. Алина Меркулова күміс жүлдегер атанса, Екатерина Степанова қоланы жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Константин Казаков XCC-тегі ең мықты спортшы атанды. Екінші орынды Константин Шинкарук, үшінші орынды Алексей Фефелов иеленді.

Виолетта Казакова жасөспірімдер арасында осы пән бойынша ұлттық чемпион атанды. Алена Спирина күміс реңкті құймадан медаль жеңіп алды. Милана Котельникова үздік үштікті тұйықтады.