Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған көрме өтеді

Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған көрме өтеді
Cурет: Tengrinews.kz

Роза Бағланованың туғанына - 100 жыл. 

"Қазақ деген халықтың еркесімін!" көрмесі Роза Бағланованың мерейтойлық жылының басты оқиғасы ретінде 18 қазан күні Алматы музейінде ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көрмеге келушілердің назарына әртістің сахналық костюмдері, зергерлік бұйымдары, тұрмыстық заттары, марапаттар, медальдар мен фотосуреттері - барлығы 300-ге жуық сирек экспонаттар ұсынылады.
Өткізу орны мен уақыты: Алматы мұражайы, Қабанбай батыр көшесі, 132.
Сағат 15:00, 18 қазан 2022 жыл.