Алматыда полиция қызметкерлері алғашқы куәліктерін алды

Алматыда  полиция қызметкерлері алғашқы куәліктерін алды
Сурет: Polisia.kz

Бұл айтулы оқиға ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Ол Алматы полициясының мұражайында өтті.

Алматыда 20 полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәліктерін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алғашқы қызметтік куәліктерді тапсыру салтанаты бай әрі  қарапайым тарихы бар мемлекеттік мереке қарсаңында өтуі тегін емес. Мұндағы мақсат – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жас ұрпағын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Дәстүр бойынша бұл шара ІІО ардагерлерінің белсенді қатысуымен өтеді. Халыққа, елге үлгілі қызмет көрсетудің мысалымен жас жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде дұрыс курс алып, оны мақсатты түрде ұстанады», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.